Қазақстанға алдағы жылдары қандай жұмысшылар қажет болады
- авторjambylinfo.kz
- 20 наурыз, 2025
- 122

Алдағы алты жыл ішінде Қазақстанда 1,6 миллион маманға сұраныс болады деп болжануда, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның ішінде 900 мыңға жуығы техникалық және кәсіптік білім алған мамандарға арналса, 400 мыңнан астамы – жұмысшы мамандықтарының иелеріне тиесілі.
Оқушыларды кәсіби бағдарлау мақсатында сәуір айында "Мансап компасы" платформасында арнайы диагностика жүйесі іске қосылады. Сондай-ақ "Жастар практикасы" жобасы аясында жас мамандарды даярлау үшін 35 мыңнан астам тәлімгер тартылады.
Ақпан айынан бастап еліміздің барлық өңірінде бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өтіп жатыр. Биыл өндірістің әртүрлі салалары бойынша 100 кәсіби стандарт әзірлеу және жаңарту жоспарланған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Петропавл әкімі: Саяжайларды су басса, өтемақы төленбейді
- авторjambylinfo.kz
- 26 наурыз, 2025
Ақтөбе облысында полицейдің салғырттығы адам жарақатына себеп болды
- авторjambylinfo.kz
- 26 наурыз, 2025