жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 12:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанға Азияның ең бай адамы келді

Қазақстанға Азияның ең бай адамы келді
ашық дереккөзі
Қазақстанға Азияның ең бай адамы келді
Астанаға іскерлік сапармен Үндістандық «Adani Group» конгломератының басшысы Гаутам Адани келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ сілтеме жасап.
Үндістан делегациясын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайыловпен және де орталық мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесулер жоспарлануда. Тараптар логистика, энергетика, мұнай-химия және т. б. салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылайды деп күтілуде. 2022 жылғы қарашада «Adani Group» жалпы нарықтық капиталдандыруы рекордтық $280 млрд-қа жетті (2015 жылғы $16 млрд-тан 17 есе өсім). Adani Group – 1988 жылы құрылған үнді конгломераты. Штаб-пәтері Ахмадабадта орналасқан.  Гаутам Адани – Азиядағы ең бай адам және Bloomberg журналына сәйкес 125 миллиард долларлық байлығы бар әлемдегі ең бай үшінші адам (Forbes мәліметтері бойынша 134 миллиард доллар).
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар