Қазақстанға Біріккен күрес әлемі (UWW) президенті келді

Ол Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің басшысымен кездеседі
Қазақстанға Біріккен күрес әлемі (UWW) президенті келді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қадірлі мейманды Астана халықаралық әуежайынан ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев қарсы алды.
Ал Ненад Лалович елімізге сапары барысында елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенін, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайын аралап, Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысады деп жоспарланған.