Жаңалықтар

Қазақстанға Грузия мен Әзірбайжаннан көлік әкелу жиіледі

Қазақстанға Грузия мен Әзірбайжаннан көлік әкелу жиіледі

Соңғы кездерде кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатылған уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағына алып келу жағдайлары жиілеп кеткен. Атап өтетін жағдай, көрсетілген автомашиналардың басым көпшілігі Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағына Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өткізу пункттері арқылы уақытша әкелініп, өз мәртебесі бойынша шетелдік тауарлар болып табылады (яғни ЕАЭО тауарлары болып табылмайды) және кедендік бақылауда болады. ЕАЭО Кедендік кодексінің 264-бабының 6-тармағына және 275-бабының 2-тармағына сәйкес уақытша әкелінген көлік құралдары декларанттың (әкелуді жүзеге асырған тұлға) іс жүзінде иелігінде және пайдалануында ЕАЭО кедендік аумағында болуға тиіс. Алайда, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген көлік құралдары кеден баждар мен салықтарды төлеуден, кедендік тазартудан жалтарып мемлекеттік тіркеуге қойылып жатқан фактілер анықталуда. Мысалы, жеке пайдалануға арналған шетелдік көлік құралдарын, шетел азаматтары өз көлік құралдарын әкелген соң, Қазақстан Республикасының аумағынан біраз уақыттан кейін кетіп қалуда (бұлар негізінде Грузия мен Әзірбайжан азаматтары). Бұл көлік құралдары тиесілі кедендік баждар мен салықтарды төлеусіз Қазақстан Республикасының аумағында тіркеуге қойып, Қазақстан азаматына беру мақсатында ЕАЭО аумағына әкелінгені туралы пайымдауға негіз болап отыр. Қазіргі таңда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік баждар мен салықтарды төлеусіз Қазақстан Республикасының аумағына тіркеуге қойылған 156 көлік құралын анықтады. Осыған байланысты ҚР ҚМ МКК Қазақстанның барлық азаматтарына уақытша әкелінген көлік құралдарын тек кедендік тазартудан өтіп, кедендік баждар мен салықтарды төлегеннен кейін ғана сатып алуға және Қазақстан аумағында аталған көлік құралдарын пайдалануға болатынын ескертеді.