Жаңалықтар

Қазақстанға Конго мен Өзбекстан президенттері келеді

Бұл туралы Ақорда хабарлады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады, хабарлайды Jambylinfo.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2-3 тамыз күндері Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессо Қазақстанға ресми сапармен келеді.

7-8 тамыз күндері Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің елімізге мемлекеттік сапары болады.

9 тамыз күні Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуі өтеді.