Жаңалықтар

Қазақстанға рөлі оң жақта орналасқан көліктерді әкелуге жарты жылға тыйым салынады

Қазақстанға рөлі оң жақта орналасқан көліктерді әкелуге жарты жылға тыйым салынады

Өнеркәсіп және құрылыс министрі «Оң рөлді жеңіл автомобильдердің жекелеген түрлерін әкелуді реттейтін кейбір мәселелер туралы» бұйрыққа қол қойды.

Ведомство мәліметінше, бұйрық Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың кейбір баптарына сәйкес қабылданған. Құжат ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.