Жаңалықтар
Қазақстанға жыл басынан бері 6 мыңнан астам адам көшіп келген
- авторjambylinfo.kz
- 13 шілде, 2022
- 212
Қазақстанға жыл басынан бері 6 мыңнан астам адам көшіп келген
Биыл қаңтар-мамыр аралығында елімізге тұрғылықты тұруға 6 227 адам келген. Ал, осы уақыт ішінде 9 034 адам Қазақстаннан шет мемлекеттерге кеткен. Мұндай деректерді Ұлттық статистика бюросы келтірді, деп хабарлайды Жамбыл инфо, ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«2022 жылғы қаңтар-мамырда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің саны – 6 227 адам, елімізден кеткендердің саны – 9 034. Көші-қон айырымы – 2 807 адам», - делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.
Статистикаға сәйкес, еліміздегі негізгі көші-қон процессі ТМД мемлекеттерімен байланысты. Биылғы 5 айда ТМД елдерінен келгендердің көші-қон үлесі – 85,1 пайыз, ал аталған мемлекеттерге елден кеткендердің үлесі – 81 пайыз. Ұлттық статистика бюросы ішкі көші-қон деректерін де жариялады. Оған сай, үш өңірде динамика бар. Олар: Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары. Мәселен, бес ай ішінде Алматыға 14 481 адам көшіп келсе, елорда 12 783 адамға толыққан. Ал, Шымкент территориясына 1 773 қазақстандық көшіпті. Айта кетейік, бұған дейін көші-қон заңнамасын бұзған 98 шетел азаматы елден шығарылғанын жазған болатынбыз.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024