Жаңалықтар

Қазақстан араб елдерімен бірлесіп қой тұқымын түрлендіретін зертхана ашпақ

Қазақстан араб елдерімен бірлесіп қой тұқымын түрлендіретін зертхана ашпақ

Қазақстанның араб елдерімен бірлесіп 2 млн еуропалық қой тұқымын түрлендіретін зертхана ашпақ. Бұл туралы «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының» төрағасы Дархан Балпанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Дархан Балпановтың айтуынша, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығында қой тұқымын түрлерндіруге бағытталған ғылыми жұмыстарға өте үлкен мән беріліп жатыр. «Қазіргі кезде екі генетикалық зертхана құрылды. Біздің Алматы ауыл шаруашылық институтында және Қосшы қаласында «Асыл түлік» деген компания бар. Осы екі мекемеде қой мәселесі бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Биылдан бастап араб елдері Қазақстанда шығарылатын қой етіне өте үлкен қызығушылық көрсетіп жатыр. Сондықтан еліміздің бұл тұрғыда әлеуеті үлкен. Ендігі жылдан бастап араб елдерімен бірге қосылып 2 млн еуроға бағаланған зертхана құрылғалы жатыр», - деді орталық басшысы. Сондай-ақ ол ертең өтетін халықаралық аграрлық көрмеде алғаш рет қой мәселесіне қатты көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.   «Жалпы стратегия бойынша ғылыми институттың деңгейін көтеріп, фермерлерге ұрықтандыру технологияларын жеткізу ойымызда тұр. Ал жүнге елімізде сұраныс болмаса да, шетелде сұраныс көп. Сондықтан селекция жұмыстарын атқару керек. Ол жұмыстар да ғылыми институттарымызда жүргізіліп жатыр. Біздің мақсатымыз – селекцияны дұрыс ұйымдастырып, тиімді нәсілдер шығарып, сол мәселені фермерлерге жеткізу. Ал мемлекет тарапынан өнімді шетелге шығарудың мүмкіндіктерін іздеу маңызды», - деді Дархан Балпанов.