
Қазақстанда астық экспорты айтарлықтай өсті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«ҚТЖ «ҰК» АҚ деректері бойынша, 2024/2025 жылдың қыркүйек–ақпан айларында 7,4 млн тонна астық тасымалданды, оның 1,6 млн тоннасы ішкі нарыққа, ал 5,8 млн тоннасы экспортқа жөнелтілді.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 53%-ға жоғары көрсеткіш.
Өзбекстанға 2,2 млн тонна астық экспортталса, бұл өткен жылмен салыстырғанда 34%-ға артық. Тәжікстанға жеткізілім 857 мың тоннаны құрап, 49%-ға артты. Ауғанстанға 248 мың тонна астық жіберіліп, өсім 36%-ды құрады. Иранға жөнелтілім 18 есеге артып, 700 мың тоннаға жетсе, Әзірбайжанға тасымалданған астық көлемі 90 есеге өсіп, 363 мың тоннаны құрады.
Қаңтар-ақпан айларында 466 мың тонна ұн тасымалданып, оның 314 мың тоннасы экспортқа шығарылды.
2024 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда жалпы 10,6 млн тонна астық тасымалданды, оның 8,1 млн тоннасы экспортқа жіберілді. Сонымен қатар, 3,2 млн тонна ұн тасымалданса, оның 2,4 млн тоннасы шет елдерге экспортталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға жоғары. Қазақстан астығына сыртқы нарықтағы сұраныс артып келеді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз