Жаңалықтар

Қазақстан азаматтары АҚШ-тан емін-еркін шыға алады

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев АҚШ-тан Қазақстан азаматтарының депортациялануы туралы ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz /kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, былтыр АҚШ-та депортацияға жататын мигранттардың арасында 369 қазақстандық туралы ақпарат тараған.

Оның айтуынша, егер мәжбүрлі депортация болса, онда бұл адамдарға болашақта АҚШ-қа сапарлауға қиынға түседі.

Айта кетсек, АҚШ-тың көші-қон және кеден полициясының баяндамасына сәйкес өткен жылы Қазақстанның 24 азаматы АҚШ-тан шығарылған.

Еске салайық, АҚШ-тағы миграциялық саясаттың қатаңдатылуына байланысты Қазақстан елшілігі шетелде құжатсыз, визасыз жүрген қазақстандықтарға ескерту жасады.

Сондай-ақ министрлік Қазақстан азаматтарын АҚШ-тан шығарып жіберу туралы ақпарат түспегенін хабарлады.