дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 16:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Қазақстан барысына» Қызылордадан екі бөлмелі пәтер сыйға берілді

«Қазақстан барысына» Қызылордадан екі бөлмелі пәтер сыйға берілді
ашық дереккөзі
«Қазақстан барысына» Қызылордадан екі бөлмелі пәтер сыйға берілді
«Қазақстан барысы-2022» турнирінің жеңімпазы, қызылордалық Мақсат Исағабыловқа екі бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді, деп хабарлайды Жамбыл инфо, ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.«Қазақстан барысы-2022» турнирінің жеңімпазы Мақсат Исағабылов облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қабылдауында болды. «Алдағы уақытта «Алтын белбеу» мен «Алтын тайтұяқты» Сыр өңіріне тағы да 2-3 мәрте әкелсем деген мақсатым бар. Сондай-ақ, «Әлем барысы» атануға үміттенемін. Туған топырақтың абыройын асқақтау үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын», - деді Мақсат Исағабылов. Кездесуде облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев пен облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Әріп Хожбанов ізгі тілектерін арнады. Еске салсақ, қызылордалық Мақсат Исағабылов «Қазақстан барысының» жеңімпазы атанған болатын. Ол 1994 жылдың 17 қарашасында Қызылорда облысында дүниеге келген. Бойы – 184 сантиметр, салмағы – 120 келі.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар