дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 18:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан бейбітшілік пен келісімнің үлгісі – ЕҚЫҰ Жоғары комиссары

Қазақстан бейбітшілік пен келісімнің үлгісі – ЕҚЫҰ Жоғары комиссары
ашық дереккөзі
Қазақстан бейбітшілік пен келісімнің үлгісі – ЕҚЫҰ Жоғары комиссары
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Қайрат Әбдірахманов Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде сөз сөйледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның айтуынша, бүгінгі шара дін көшбасшыларының диалогты жандандыруға, бейбітшілік орнатуға және төзімділік пен өзара түсіністікке ықпал етуге ұмтылысын көрсетеді. Өз сөзінде ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары 10 жыл бұрын Қазақстан астанасында өткен ЕҚЫҰ саммитінде «Астана» декларациясы қабылданғанын еске салды. Қазіргі уақытта бұл жалпыға бірдей дауыс беру арқылы қабылданған жалғыз декларация. «Астана декларациясында ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдер ортақ құндылықтар негізінде еуроатлантикалық аймақта бөлінбейтін қауіпсіздік қауымдастығын құруға ниет білдірді. Сонымен бірге декларация дискриминациямен және төзбеушілікпен күресу үшін қосымша күш салу қажет екенін атап өтті. Декларацияда бейбітшілік мақсатымен диалогты қолдау үшін бәрін жасау керектігі айтылған», - деді Қайрат Әбдірахманов. Спикердің айтуынша, төзімділік – қақтығыстарды шешудің және әділетті қоғам құрудың кілті болып саналады. «Өзіміз куә болғандай, пандемия кезінде жаңа шиеленістер пайда болды және оқшаулану кезінде диалог кеңістігі азайғанын түсініп, мойындауымыз керек. Сондықтан да, пандемиядан кейінгі кезеңде әлем мен адамзаттың саяси-әлеуметтік дамуындағы діндердің, діни көшбасшылардың маңыздылығын назарға алып, бірлесе жұмыс істейтін уақыт жетті. Біз жаңа күн тәртібін құруға тиіспіз», - деді Қайрат Әбдірахманов. Сонымен бірге, Қ. Әбдірахманов 1992 жылы ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссар институты құрылғанын атап өтті. «Қазақстан – Орталық Азиядағы және одан тыс жерлердегі төзімділіктің, бейбітшілік пен келісімнің үлгісі. Қазақстан халқы көпұлтты және көпконфессиялы ел құру үшін өте маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта біз алуантүрлілікті бірлікке жетудің құралы ретінде қарастырамыз. Діни және, әсіресе әлеуметтік бірлікке қол жеткізу үшін мемлекет пен Үкімет көптеген бағыттар бойынша барынша батыл шаралар қабылдауға тиіс», - деді Қайрат Әбдірахманов.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар