Жаңалықтар
Қазақстан бойынша бір аптада азық-түлік бағасын негізсіз көтерудің 734 фактісі анықталды
- авторjambylinfo.kz
- 5 тамыз, 2022
- 285
Қазақстан бойынша бір аптада азық-түлік бағасын негізсіз көтерудің 734 фактісі анықталды
Бір аптада ел бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын негізсіз көтерудің 734 фактісі анықталды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
«Соңғы аптада 40,3 мың дүкенге рейд жүргізілді. Нәтижесінде азық-түлік бағасын негізсіз көтерген 734 дүкен анықталды. Әлеуметтік маңызы бар тауарларды қымбат бағамен сатқаны туралы деректер көбіне Нұр-Сұлтан қаласы (278) мен Шығыс Қазақстан облысында (80) тіркелді. Одан әрі Түркістан облысында – 38, Батыс Қазақстан облысында – 33, Қостанай және Маңғыстау облыстарында – 32, Жетісу облысында – 30 дүкен тауарға үстеме құн қосқан. Мұндай фактілер ең аз анықталғаны – Ұлытау облысында. Онда бағаны негізсіз көтергендер туралы 6 жағдай тіркелді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына қосылған үстеме 15 пайыздан асса, онда 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатынын ескертеміз», – делінген баспасөз мәліметінде.
Құзырлы орган рейд қорытындысы бойынша ішкі сауда субъектілеріне қатысты ескерту түрінде 126 әкімшілік хаттама толтырылып, 1 айыппұл салған. Ал көпшілік сауда объектілері түсіндіру жұмыстарынан кейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын 5-15 пайызға дейін төмендеткен.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жаңа мәдениет және ақпарат вице-министрі тағайындалды
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 қаңтар, 2025