сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 23:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан бойынша «жасыл» энергияның 20 пайызы өз өңірімізде өндіріледі

Қазақстан бойынша «жасыл» энергияның 20 пайызы өз өңірімізде өндіріледі
ашық дереккөзі
Қазақстан бойынша «жасыл» энергияның 20 пайызы өз өңірімізде өндіріледі
   width= Жамбыл облысында «жасыл» энергия саласында 16 кәсіпорын жұмыс істейді десек, олармен 318,4 МВт электр энергиясын өндіріледі. Бұл жөнінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаев халыққа есеп беру онлайн-кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды http://Jambylinfo.kz — Жамбылдағы жаңартылған энергия көздері нысандары елімізде өндірілетін электр энергиясының 20 пайызын қамтамасыз етеді, — деді облыс әкімі. Биыл бір жел электр станциясы мен бір су электр станциясы іске қосылады деп күтілуде. Сондай-ақ, көгілдір отынмен қамтуда да ауқымды шаралар атқарылуда. Өткен жылы өңірде 120 мың тұрғыны бар 45 елді мекен газдандырылды. Нәтижесінде, халықты газдандыру деңгейі 74,4 пайыздан 82,4 пайызға дейін ұлғайды. Ал, орталықтандырылған ауыз сумен 60 мың адам тұратын 38 елді мекен қамтылды. Осылайша, ауыл тұрғындарының орталықтандырылған ауыз сумен қамтылу үлесі 73,3 пайыздан 82,2 пайызға дейін өсті. Ағымдағы жылы 23 сумен жабдықтау нысанының құрылысы, көмірмен жылытылатын 156 ауылдық әлеуметтік нысанды газға ауыстыру жұмыстары жоспарланып отыр. Өткен жылы автожол саласын дамытуға 26,7 млрд. теңге бөлінді, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,3 есе көп. 1316 шақырым автомобиль жолдары салынып, жөндеуден өтті. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 85-тен 90 пайызға дейін артты. Ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 534,4 шақырым болатын жолдарды жөндеу жоспарлануда. Аймақ басшысы өткен жылы облыс орталығының қоғамдық көліктерінде электронды билет жүйесі енгізілгенін атап өтті. Ол бойынша 310 тұрақты және 500 жылжымалы терминал орнатылған. Электронды билетпен есеп айырысатындар үшін жолақысы сол күйі қала бермек. Яғни, қала ішінде қатынау әдеттегідей 65 теңге болады. Жеңілдікпен қатынайтындарға арнайы карта беріледі. Ал қалған тұрғындар валидаторға арналған электронды картамен немесе байланыссыз төлем жасау функциясы бар кез келген банктік картамен есеп айырыса алады. — Биыл 100 автобус газ жүйесіне ауыстырылып, автобус паркі жаңартылады. Жолаушыларға қызмет көрсету мәдениетін арттыруға, жүргізушілердің жол ережелерін сақтауына ерекше назар аударылатын болады, — деді облыс әкімі. Нұрдаулет АСАН    
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар