Жаңалықтар

Қазақстан экономикасы сегіз айда 4,9%-ке өсті

Қазақстан экономикасы сегіз айда 4,9%-ке өсті

Оның ішінде нақты сектор – 4,4%-ке, ал қызмет көрсету саласы – 4,8%-ке өсті. "Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалуда, әсіресе құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс ең жоғары өсім көрсетті", - деді ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин үкімет отырысында. Әмриннің айтуынша, 2023 жылғы қаңтар-шілдеде сыртқы сауда тауар айналымы 5,7%-ке өсіп, 79,5 млрд долларды құрады. Экспорт 44,8 млрд долларды құрап, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 14,2 млрд долларға жетті. Тауарлар импорты 34,7 млрд долларды құрады.