Жаңалықтар

Қазақстан «электрондық үкімет» жүйесін дамыту бойынша ТМД-ның көшбасшысы

Қазақстан «электрондық үкімет» жүйесін дамыту бойынша ТМД-ның көшбасшысы

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова өзінің «Twitter» әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады  width= «Қазақстан 2020 жылы «электрондық үкіметті» дамыту көрсеткіштері бойынша БҰҰ рейтингінде (UN Global E-Government Development Index) 193 елдің ішінде 29 - орынды, ал ТМД елдері арасындағы рейтингте 1-орынды иеленді» деп жазды Анар Жаилғанова. Сондай-ақ, Агенттік төрағасы қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтер тізімінде 686 қызметтің 94,4% -ы (648) электрондық форматқа көшірілгені туралы айтты.