Жаңалықтар
Қазақстан елшілігі Түркиядағы азаматтарға үндеу жасады
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 23 наурыз, 2025
- 146

Түркиядағы Қазақстан азаматтарына халық көп жиналатын орындарға бармауға, шерулер мен митингілерге қатысудан бас тартуға шақырады
Қазақстан елшілігі Түркиядағы азаматтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Түркиядағы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының елшілігі сол елдегі азаматтарымызды халық көп жиналатын орындардан аулақ болуға, шерулер мен митингілерге қатыспауға шақырды.
Сонымен қатар, қауіпсіздік шараларын сақтап, ресми жаңалықтарды қадағалау, билік органдарының нұсқаулықтарын орындау және Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болу қажеттігі ескертілді.
Түркиядағы жедел желі телефондары:
ҚР Анкарадағы елшілігі: +905352734496
ҚР Ыстамбұлдағы Бас консулдығы: +905012621465
ҚР Анталиядағы Бас консулдығы: +905394400522
ҚР Измирдегі Бас консулдығы: +905530998789
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Петропавл әкімі: Саяжайларды су басса, өтемақы төленбейді
- авторjambylinfo.kz
- 26 наурыз, 2025
Жаңалықтар
Ақтөбе облысында полицейдің салғырттығы адам жарақатына себеп болды
- авторjambylinfo.kz
- 26 наурыз, 2025