дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 0:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан Францияға барып тергеу жүргізе алады. Енді Әбіләзов елге орала ма?

Қазақстан Францияға барып тергеу жүргізе алады. Енді Әбіләзов елге орала ма?
ашық дереккөзі
Қазақстан Францияға барып тергеу жүргізе алады. Енді Әбіләзов елге орала ма?
Мәжіліс "Қазақстан мен Франция арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы" заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Жамбыл инфо Экспресс К. порталына сілтеме жасап
Шарт Астана қаласында 2021 жылғы 28 қазанда жасалған болатын.
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтің айтуынша, шартқа сәйкес, тараптар қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты кез келген жағдайда бір-біріне барынша кеңінен өзара құқықтық көмек көрсетуге міндеттеледі. Шартты іске асыру қос елдің қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығының тиімділігін арттырады.
Осыған дейін өзара келісім принципінде жүзеге асырылған. Енді шартта екі жақтың құқықтық міндеттемелері нақты белгіленеді. Жалпы құқықтық көмек сұрау салу арқылы жүзеге асырылады,
— дейді Әсет Шындалиев.
Онда заттарды тәркілеу, тінту, банктегі шоттарды анықтау, жауап алу, ақпарат алмасу мен басқа да тергеу амалдары қамтылған.
Тілшілер бас прокурордың орынбасарынан осы ретте жаңа құжатқа сәйкес, Франциядағы Мұхтар Әбілязовты қайтарудың жолдарын сұрады.
Тергеу жұмыстарымен таныс емеспін. Оны нақты білмеймін. Қазіргі таңда Әбілязовқа қатысты Қазақстанда екі қылмыстық іс қозғалған. Олар бойынша шешім бар. Франция бізге Әбілязовты бермесе де, өз жерінде Мұхтар Әбіләзовке қатысты іс қозғады,
— дейді ол.
Әсет Шындалиевтің айтуынша, Әбіләзовтің адвокаттары қылмыстық іске қатысты шешім бойынша апелляцияға шағым жазған. Апелляциялық сот олардың арызын бір ғана мәселе бойынша қанағаттандырды. Бұл шешімге қазір Париждің прокуроры наразылық хатын берген. Ол қазір сотта қаралып жатыр.
Бұған дейін Әбіләзовке Францияның саяси баспана беруден бас тартқанын жазғанбыз.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар