Қазақстан футбол құрамасының бапкерлер құрамында өзгеріс енді
Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті
Қазіргі уақытта жаңа бас бапкердің кандидатурасы қарастырылуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстан ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылар штабы толық құрамда қызметінен кетеді.
Еске сала кетейік, Станислав Черчесов ұлттық құраманы 2024 жылдың маусым айынан бастап басқарған болатын. Оның жетекшілігімен команда УЕФА Ұлттар лигасында 6 ойын өткізді.
Айта кетерлігі, Черчесов қазақ тіліне қатысты бірнеше рет даулы жағдайға тап болды. Бір журналистің қазақ тіліндегі сұрағын келемеждегені үшін ол 738 мың теңге айыппұл төлеген еді.
Бақытжан Бекболат