Жаңалықтар

Қазақстан халқы Құрбан айт мерекесінде 3 күн демалады

Биыл Құрбан айт мерекесі 17 маусымға түсіп тұр.

Құрбан айт мұсылмандардың ұлық мерекесі. Биыл Құрбан айт мерекесі 17 маусым, дүйсенбі күні аталып өтіледі, -деп хабарлайды Jambylinfo. kz

Алайда Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні ресми демалыс болғандықтан, қазақстандықтар Құрбан айтта үш күн - 15, 16 және 17 маусымда демалады.

Жалпы, Еңбек министрлігінің мәліметінше, маусым айында бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 11 күн демалса, алты күн істейтіндер азаматтар 6  күн демалатын болады.