Жаңалықтар

Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорының төрағасы Болат Жәмішев қызметінен кетті

Орнына Ләззат Шыңғысбаева жаңа басшы болып тағайындалды.

Болат Жәмішев өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты қордағы жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Қазақстан халқына" қорының мәліметінше, Болат Жәмішев басшылық кезінде "қордың құрылуы мен дамуына зор үлес қосты". Қор 104 қайырымдылық бағдарламасы мен жобасына бастамашы болды, оның 62-сі іске асырылды.

"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің шешімімен қоғам қайраткері, Қазақстандағы қайырымдылық, әлеуметтік жобаларды басқару және Үкіметтік емес ұйымдарды институционалдық дамыту саласындағы сарапшы Лаззат Шыңғысбаева төраға болып сайланды.