Жаңалықтар
«Қазақстан халқына» қоры білім гранттарына конкурс жариялады
- авторjambylinfo.kz
- 22 шілде, 2022
- 305
«Қазақстан халқына» қоры білім гранттарына конкурс жариялады
«Қазақстан халқына» қоры «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыру аясында гранттар мен шәкіртақылар беруге конкурс жариялады.
Қор бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары білім алу ақысын төлеу үшін мемлекеттік немесе өзге грант ала алмаған, ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан түлектерге, жетім балаларға және мүгедектігі бар балаларға шәкіртақы төленетін гранттар береді.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының гранттары мен шәкіртақысына үміткерлер (түлектер) өзі таңдаған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиясына 10 тамыздан бастап 17 тамыз аралығында өтінім тапсырады. Бағдарлама 2022-2023 оқу жылында жүзеге асырылады.
ЖЖОКБҰ комиссиясы арқылы өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары мен шәкіртақысын беру үшін бағдарламаның қатысушыларын іріктеу критерийлері:
ҰБТ тапсырған және ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін қажет өту балын жинаған түлектер:
- ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар;
- жетім бала санатына жататын және кәмелеттік жасқа дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар; - мүмкіндіктері шектеулі, соның ішінде мүгедектігі бар тұлғалар.
2) ЖЖОКБҰ студенттерінің арасында өткізетін конкурстардың қорытындылары бойынша Қордың гранты мен шәкіртақысына үміткер Бағдарлама қатысушыларын іріктеу критерийлері:
- мүмкіндігі шектеулі, соның ішінде мүгедектігі бар студенттер;
- жетім бала санатына жататын және кәмелеттік жасқа дейін ата-анасының қамқорынсыз қалған студенттер;
- ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан студенттер;
- толық емес отбасыдан, 1 және 2 топтағы мүгедек балаларды тәрбилеп жүрген отбасыдан шыққан студенттер;
- ата-аналары/ата-анасының бірі 1 және 2 топ мүгедегі болып табылатын студенттер.
Шәкіртақы төленетін грант бағдарламаның аясында шарт жасалған сәттен бастап бакалавриат бағдарламалары бойынша толық оқу кезеңін қамтиды. Оқу құны бойынша шектеме әрбір грант алушы студент үшін 1 млн теңге мөлшерін құрайды.
Егер студенттің жылдық оқуының құны 1 млн теңгеден артық болса, онда 1 млн теңгеден асатын айырмашылықты грант алушы студенттің өзі төлеуі тиіс.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала