дүйсенбі, 25 қараша, 2024 13:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Қазақстан халқына» қоры мен Жамбыл облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

«Қазақстан халқына» қоры мен Жамбыл облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
ашық дереккөзі
«Қазақстан халқына» қоры мен Жамбыл облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
Қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Қазақстан халқына» атты қор құрылып, қалталы азаматтар ақша аудара бастаған еді. Міне, содан бері қор атаулы көмек көрсету және даму бағдарламасын іске асыру бағытында жұмыс істеп келеді. Бүгінде қордан көмек сұрағандардың ішінде азқамтылған және көпбалалы отбасылар көп. Дегенмен, қор ең алдымен ерекше қажеттілігі бар балалардың аяққа тұрып кетуіне барынша ықпалдасуда. Бұл расында Балалар жылы қарсаңында қолға алынған игі шарпалардың бірегейі. Бұл туралы облысқа жұмыс сапарымен келген «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева айрықша атап өтіп, қордың жоба-жоспары, бағыты туралы кеңінен айтып берді. Жалпы облыста ерекше білім алуды қажет ететін 7898 бала болса, оның ішінде 2786 баланың мүмкіндігі шектеулі. Аймақтағы 444 мектепте 1262 бала инклюзивті біліммен қамтылған. Сол секілді 4 арнайы түзету мектеп интернатында 501 балаға қызмет көрсетілуде. Басқосуда облыс әкімі Нұржан Нұржігітов өңірдегі ерекше қажілеттілігі бар жастар туралы тоқталды. – Облыста ерекше білім мен тәрбиені қажет ететін балалар үшін жобалар әзірленуде. Атап айтқанда мектептен тыс және мектепшілік олимпидалар өткізетін облыстық орталықты қайта жаңғыртып, ерекше қажеттілігі бар балаларды сол орталықта бейімдеу жоспарлануда. Аталған орталықта 1500 және 100 орындық жатақхана үшін қосымша ғимарат қарастырылуда. Сондай-ақ Тараз қаласында аутизм және оңалту орталығына қосымша ғимарат пен жатақхананың жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жобалардың құны 1 миллиард теңгені құрамақ. Осыған орай аталған мәселелерді қор тарапынан шешуді ұсынамыз,–деді облыс әкімі. Бұдан соң «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева қордың алдағы жобалары мен бағдарламалары және 6 айдағы жұмыс ауқымы туралы баяндады. – Қор ресми тіркелген күні-ақ жұмысын бастап кетті. Сол күннен үкіметтік емес ұйымдармен кездесулер өткізіп тұрамыз. Елімізде 25 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар болса, оның ішінде мыңға тарта ұйым белсенді жұмыс істейді. Қорға ел бойынша 40 мыңға жуық азамат өтініш тастаса, соның 1800-ден астамы Жамбыл облысынан түскен. Біз сол өтініштерді жік-жікке бөліп, саралап қарадық. Айтқым келгені, қордың ақшасына несие жабылмайды және той томалаққа көмек сұрағандарға көмек көрсетілмейді. Көмек тек шын мұқтаж жандарға көрсетіледі. Біз әуелі құқық қорғау органдарының қатарында жүріп, оқыстан қаза тапқан азаматтардың отбасына 7 миллион теңгеден аудардық. Сол секілді ауыр жараланған азаматтардың отбасына да қаржылай көмек көрсетілді. Елдегі ЖОО білім алатын төмен отбасыдан шыққан студенттерге грант берілуде. Олардың басым көпшілігі тұрмыс жағдайына байланысты үлгерімі нашарлаған студенттер. Сол секілді денсаулық сақтау саласында туғаннан көру қабілетінен ажыраған нәрестелердің еміне, тірек-қимыл аппараты зақымданған балаларға жәрдемдесудеміз. Бұдан өзге тамыр потологиясы бойынша сырқаттанған балалардың да өтінішін қуаттап отырмыз. Кейінгі жылдары аутизммен ауыратын балалар да көбейіп келеді. Сондықтан біз сегіз өңірде реабелитациялық орталық ашуды жоспарлап отырмыз. Сол орталықтың бірі Тараз қаласында ашылады. Бізде медицина саласындағы тәжірибелі мамандар көптеген ауруды емдеуге қауқарлы. Сондықтан реабелитциялық орталықтарда қызмет көрсету сапасына Европадағы елдер секілді айрықша көңіл бөлгеніміз жөн,–деді Ләззат Алтынбекқызы. Дөңгелек үстел отырысында қоғам белсенділері қор басшылығына ашық сұрақ қойып мардымды жауап алды. Жиында өңір басшысы ауылдық жердегі білім сапасын қала деңгейін жеткізу мәселесін қаузап, қордың осы жұмыстарға араласқанына ризашылығын білдірді. Нұржан Нұржігітов қордың көмегімен жыл сайын бір ауданда мектеп ашып, мұғалімдерді арнайы оқудан өткізу мәселесі қолға алу туралы да ұсынысын білдірді. Кездесу соңында Жамбыл облысының әкімі мен «Қазақстан халқына» қоры төрағасының орынбасары өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар