Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының санын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 19 765 004 мың адамды құрады.
«Оның ішінде қалалықтар – 12 208,2 мың, ауылдықтар – 7 556,7 мың адам. Табиғи өсім есебінен халық саны 268 791 адамға өскен, көші-қон сальдосы теріс – -6 946. 2022 жыл басымен салыстырғанда халық саны 261 845 адамға өскен», - делінген ведомство хабарламасында.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала