Жаңалықтар
Қазақстан хоккей құрамасы Азиада финалына жолдама алды
- авторjambylinfo.kz
- 13 ақпан, 2025
- 204

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Харбинде өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан ерлер құрамасы финалға шықты. Жартылай финалда біздің команда жарыс қожайыны Қытайды 3:1 есебімен жеңді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Олег Болякиннің шәкірттері екінші кезеңнің соңында қатарынан екі шайба соғып, басымдыққа ие болды. Қарсылас команда ойын аяқталуға бір минут қалғанда есепті қысқартқанымен, соңғы секундтарда қақпашы қателесіп, тағы бір шайба жіберіп алды.
Қазақстан құрамасы алтын жүлде үшін Оңтүстік Корея немесе Жапониямен кездеседі. Бұл екі команданың қайсысы финалға өтетіні жақын арада белгілі болады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Президент: ҮЕҰ-мен серіктестік қоғам дамуына ықпал етеді
- авторjambylinfo.kz
- 14 наурыз, 2025