Жаңалықтар
Қазақстан инвестиция тарту бойынша көш бастады
- авторСадуақас Айсұлу
- 28 желтоқсан, 2024
- 130
Биыл Қазақстанға инвестицияның өсімі 2023 жылмен салыстырғанда 88 пайызды құрады
Қазақстан Солтүстік және Орталық Азия аймағындағы жаңа жобаларға инвестиция тарту бойынша көшбасшы атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы осы жылғы инвестиция тарту туралы есебін жариялады.
Еліміз биыл жаңа жобаларға 15,7 млрд доллар тартқан. Өсім өткен жылмен салыстырғанда 88%-ға жетті. Облысқа тартылған барлық инвестицияның 63 пайызы біздің елге тиесілі. Екінші орынға 4 млрд доллармен Өзбекстан жайғасты. Қырғызстан 2,1 млрд доллар, Әзербайжан 1,2 млрд доллар, Түркіменстан 339 млн доллар, Грузия 126 млн доллар, Арменияға 67 млн доллар инвестиция құйылды.
Келесі мақала