Жаңалықтар

Қазақстан өңірлерінде дабыл қағылады

The final spritzer

Қазақстанның барлық өңірінде 21 қарашада дабыл белгісі қосылады

Төтенше жағдайлар министрлігі ел тұрғындарына сирена қосу жайлы мәлімдеме жасады деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

2024 жылғы 21-22 қараша аралығында елімізде «Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындау» тақырыбында «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.

Оқу-жаттығу нәтижесі бойынша облыстық азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қысқы кезеңдегі ықтимал ТЖ салдарын жоюға дайындығына баға беріледі.