дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 2:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан өңірлерінен Түркияға 115 тонна гуманитарлық көмек, 35 млн теңге қаражат жиналды

Қазақстан өңірлерінен Түркияға 115 тонна гуманитарлық көмек, 35 млн теңге қаражат жиналды
ашық дереккөзі
Қазақстан өңірлерінен Түркияға 115 тонна гуманитарлық көмек, 35 млн теңге қаражат жиналды
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарлауынша, еліміздің барлық өңірінде қажетті заттарды қабылдау және сұрыптау пункттері ұйымдастырылған. Белсенді азаматтар, волонтерлер көмек есебін жүргізеді, барлық жиналған заттарды сұрыптайды, орайды. Жиналған материалдар автокөлікпен Түркия Республикасының елшіліктері мен консулдықтарына жеткізіледі. 13 ақпандағы жағдай бойынша өңірлерде 150 тонна гуманитарлық көмек жиналды (Алматы қ.-4 т., Алматы облысы-68 т., Түркістан облысы-25 т., Шымкент-50 т., Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау облыстары – 3 т.), оның 75 тоннасы (Түркістан облысы және Шымкент қаласы) Түркияға жіберілді, сондай-ақ 32 млн.теңге жиналып, тікелей Afad қорына аударылған. Бұған қоса, Қазақстандықтар 114 ұлттық киіз үй жөнелткен. Жалпы, халық жұмыла көтерілуде, блогерлер, кәсіпкерлер, волонтерлер мен қоғам қайраткерлері, журналистер мен жай ғана белсенді азаматтар өз үлесін қосуда.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар