Жаңалықтар

Қазақстан Каирдегі сұлтан Бейбарыс мешітін жөндеуге үлес қосады – Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан Каирдегі сұлтан Бейбарыс мешітін жөндеуге үлес қосады – Қасым-Жомарт Тоқаев

Келесі жылы Бейбарыс сұлтанның туғанына 800 жыл толады.  Президент Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басқосуына келген «Әл-Азһар» ислам университетінің Жоғарғы имамы Ахмад ат-Тайебпен кездесуінде мерейтойға дайындық аясында Қазақстан сұлтан Бейбарыс мешітін қайта қалпына келтіруге айтарлықтай үлес қосатынын айтты. Мемлекет басшысы Ислам білімінің ордасы және діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығы саналатын «Әл-Азһар» университетінде қазақстандық студенттердің білім алуына жасалған жағдайды да жоғары бағалайтынын жеткізді.  Бүгін елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі өтеді.