Қазақстан Үкіметі азаматтарға онкологиялық көмек көрсетуді жетілдіру бойынша бірқатар қосымша шаралар қабылдайды
Қазақстан Үкіметі азаматтарға онкологиялық көмек көрсетуді жетілдіру бойынша бірқатар қосымша шаралар қабылдайды
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарға қол қойды.
Құжат Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген және онкологиялық қызметті кешенді жаңғыртуға бағытталған. Мәселен, әрбір өңірде соңғы үлгідегі қондырғыларды орнату арқылы науқастар әлемдік стандарт деңгейінде заманауи сәулелік ем алу мүмкіндігіне ие болады.дәрі-дәрмектерге қолжетімділік қамтамасыз етіледі.жылжымалы медициналық кешендерді пайдалану жоспарланып отыр, бұл қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайтады.телемедицина және жасанды интеллект мүмкіндіктерін белсенді пайдалану көзделеді.