Қазақстан үкіметі отставкаға кетті
Қазақстан үкіметі отставкаға кетті
Жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында ел үкіметі өкілеттігін доғарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап. “Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі”, – делінген президент Жарлығында.