Жаңалықтар

Қазақстан үкіметі шегіртке жайлаған өңірлердегі жағдайды бақылауға алды

Қазақстан үкіметі шегіртке жайлаған өңірлердегі жағдайды бақылауға алды

Қостанай облысында жалпы өңделуі тиіс жердің 84%-ы, Ақтөбе облысында - 99,97%-ы өңделген, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.  Осы екі өңірде шегірткенің екі түрі тараған: италиялық прус және азиялық шегіртке.  Жалпы республика бойынша италиялық шегірткеге қарсы өңдеу 1,2 млн гектарға немесе 92,3%-ға жүргізілді.  Жұмыстар Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында толық аяқталды.