Қазақстан әлемдегі жанармайы арзан 10 елдің қатарына кіреді
Қазақстан әлемдегі жанармайы арзан 10 елдің қатарына кіреді
Қазақстан әлемдегі жанармайы арзан 10 елдің қатарына кіреді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды Жамбылинфо BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Ақшолақов мысал келтірді. Сөзінше, Ресейде дизель бағасы орташа есеппен литріне 345 теңге, біздегі нарық бағасынан 45%-ға қымбат. Қырғызстандағы баға 64%-ға жоғары, яғни литріне 390 теңге, Өзбекстандағы баға бізбен салыстырғанда екі есеге қымбат - литріне 480 теңге, бағамыздағы айырмашылық - 101 пайыз.