Жаңалықтар
Қазақстан мектептерінде көктемгі демалыс қашан басталады
- авторСадуақас Айсұлу
- 7 наурыз, 2026
- 293
Төртінші тоқсан 8 оқу аптасынан тұрады
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл көктемгі каникул 19 наурызда басталып, 29 наурызды қоса алғанда 11 күнге созылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Осы тоқсанда бірінші сынып оқушылары үшін 9-15 ақпан аралығында жеті күндік қосымша демалыс берілген болатын.
Көктемгі каникулдан кейін 30 наурызда оқушылар мектепке оралып, төртінші тоқсанның сабақтарына кіріседі.
Төртінші тоқсан 8 оқу аптасынан тұрады, оқу жылы 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.
Білім күніне арналған салтанатты жиынның уақыты мен күні мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен белгіленеді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бүгін елімізде «Жер сағаты» экологиялық акциясы өтеді
- авторСадуақас Айсұлу
- 28 наурыз, 2026




