Жаңалықтар

Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейсі ашылады

Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейсі ашылады

Бұл туралы «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берген Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше және өкілетті елшісі Ержан Ашықбаев айтты. Дипломаттың сөзінше, Президент тапсырмасы бойынша ұлттық әуе компаниясы ұзақ қашықтыққа ұшатын Dreamliner ұшақтарын сатып алу жөніндегі келісімге қол жеткізген. Енді Қазақстанның азаматтық авиация құрылымдары, әуе компаниялары мен әуежайлар АҚШ Федералдық авиация әкімшілігінің талабына сай сертификациядан өтуі керек.