Қазақстан мен Эстония президенттері келіссөз жүргізді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Бүгін Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Эстония Президенті Алар Каристі ресми қарсы алу рәсімі өтті. Тараптар бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырғаннан кейін екі ел Президенттері келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Эстония Президенті Алар Карис жаңа байланыс өзара ынтымақтастықты нығайтуға көмектесетініне сенім білдірді.