Қазақстан мен Италия стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Италия Республикасының Елшісі Антонелло Де Риумен кездесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тараптар қазақ-итальян стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселелерін талқылап, саяси диалогты дамытуға, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударды.
Министрдің орынбасары сондай-ақ Антонелло Де Риуды қысқы Олимпиада ойындарының табысты өтуімен және Италия құрамасының жоғары нәтижелерімен құттықтады.
Сұхбаттастар өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделігін білдіріп, 2026 жылға арналған екіжақты іс-шаралар кестесін қарастырды.
Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар Астана мен Рим арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге ниеттерін растады.