сәрсенбі, 19 наурыз, 2025 8:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан мен әлемдегі өлім-жітім: Cебептері мен болжамдары

Қазақстан мен әлемдегі өлім-жітім: Cебептері мен болжамдары
Ашық дереккөз
Қазақстандағы өлімінің басты себебі – қан айналымы жүйесінің аурулары

2024 жылы Қазақстанда 133,6 мың адам қайтыс болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,3%-ға көп, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ең көп өлім-жітім Алматы қаласында тіркелді – 12,2 мың адам, ал ең төменгі көрсеткіш Ұлытау, Маңғыстау және Атырау облыстарында болды.

Қазақстандықтардың өлімінің басты себебі – қан айналымы жүйесінің аурулары, 2024 жылы осы дерттен 29,8 мың адам көз жұмды. Оның ішінде 9,6 мың адам жүректің ишемиялық ауруынан, 9,4 мың адам ми қан тамырларының зақымдануынан қайтыс болды.

Нерв жүйесі аурулары 25,6 мың адамның өліміне себеп болды, ал ісік ауруларынан 13,5 мың адам көз жұмды. Сонымен қатар, тыныс алу жүйесі ауруларынан 13,3 мың адам, ас қорыту жүйесі ауруларынан 11,1 мың адам қайтыс болды.

Жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттардан 10,4 мың адам, ал инфекциялық және паразиттік аурулардан 1,2 мың адам көз жұмды. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 2024 жылы 1000 адамға шаққанда 6,63 болды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда жоғары көрсеткіш.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар