Қазақстан мен Мальдив арасында тұрақты авиарейстер қатынайды
Қазақстан мен Мальдив арасында тұрақты авиарейстер қатынайды
Қазақстан және Мальдив Республикалары арасында тұрақты авиарейстер қатынайды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұған дейін елдер арасында құқықтық базаның болмауына байланысты тек чартерлік рейстер орындалған болатын. Мальдив тарапынан құжатқа Көлік және азаматтық авиация министрі Айшат Нахула ханым, Қазақстан тарапынан Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев қол қойды», - делінген мәліметте. Қол қойылған құжат әрбір тарап үшін аптасына 7 тұрақты рейсті орындау мүмкіндігін көздейді.