Жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей президенттері ҚазҰУ-дің Омбыдағы филиалын ресми түрде ашты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің базасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалын ресми түрде ашу рәсіміне бейнебайланыс арқылы қатысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, жоғары оқу орнының филиалы талапкерлерді 2025 жылдың қыркүйегінен бастап қабылдайды. Қазақстан мен Ресей Үкіметі студенттерді оқыту үшін 200 білім беру грантын бөлуді қарастырған.

Мұнда «Халықаралық құқық», «Қазақ филологиясы» және «Кеден ісі» сияқты білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврлар мен магистранттарды даярлайды. Болашақта қос дипломды білім беру бағдарламасы жүзеге асырылмақ.

Дәрістер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі деп жоспарланған.