Қазақстан мен Ресей шекарасы өртеніп жатыр
Шекара аумағында бірнеше күннен бері қамыс жанып жатыр
5 қазаннан бері Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртеніп жатыр. Облыс орталығынан жалын аумағына дейін шамамен 50-60 шақырым.
Оңтүстіктен батысқа соққан желдің әсерінен түтін көршілес Ресей Федерациясының Астрахан облысына таралып жатыр.
«7 қазанда таңертеңгі сағат 10:30-да «Казавиақұтқару» тікұшағымен 5 экипаж мүшесі және өрт сөндіру техникасы бар 16 ТЖ қызметкерлері оқиға орнына жіберілген.
«Каспий жағалауын айналып ұшу нәтижесінде екі фронтальды ошақ табылды, олардың бірі Исатай мен Құрманғазы аудандарының шекарасында, екіншісі Теңіз ауылдық округі аймағында орналасқан. Жеке құрам Каспий теңізінің жағалауындағы Мақаш ауылдық округі маңына қонды», деп хабарлады Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті.
Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жүріп жатыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала