Жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан отыз жылда 160-тан астам құжат бекіткен

Қазақстан мен Қырғызстан отыз жылда 160-тан астам құжат бекіткен

15 қазанда Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Ресми өкілдің айтуынша, екіжақты байланыстың жай-күйі мен перспективалары екі елдің мемлекет басшылары, үкіметтері мен сыртқы саяси ведомстволары деңгейінде үнемі талқыланады. «Біздің елдеріміз көптеген халықаралық ұйымдар шеңберінде тығыз өзара іс-қимыл жасайды. Қырғызстан біз үшін аймақтағы негізгі саяси және экономикалық серіктестердің бірі. Қазақстан өзара іс-қимылдың барлық аспектілері бойынша Қырғыз Республикасымен көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ұмтылады», - деді А. Смадияров.