Жаңалықтар

Қазақстан мен Қытай логистикалық ынтымақтастықты кеңейтуде

The final spritzer

Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" "ҰК" АҚ-ның баспасөз қызметі мәлімдеді

Шэньси провинциясының губернаторы Чжао Ган мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев кездесіп, бірлескен логистикалық жобалардың жүзеге асырылуы мен болашақ әріптестік мүмкіндіктерін талқылады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

2025 жылға дейін Қазақстан арқылы 3000 контейнерлік пойыз жөнелтіліп, Қытай – Еуропа бағытына 2,5 млрд юань инвестиция құйылмақ. Сонымен қатар, биыл үш ірі жоба іске қосылады: Алматыдағы логистикалық кешен, Мәскеу облысындағы CRK Terminal және Әзербайжандағы Алят портының терминалы.

Маңызды оқиғалар қатарында Сиань – Алматы бағытындағы алғашқы туристік пойыздың жолға шығуы, ТМТМ арқылы мерейтойлық контейнерлік пойыздың жөнелтілуі және Қазақстанның халықаралық көлік-логистика форумдарына қатысуы бар.

Тараптар серіктестікті нығайтып, жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендерін растады.