сенбі, 5 қазан, 2024 23:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен телевизиялық жобалар құруы мүмкін

Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен телевизиялық жобалар құруы мүмкін
ашық дереккөзі
Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен телевизиялық жобалар құруы мүмкін
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Өзбекстан Республикасы кинематография агенттігінің бас директоры Фирдавс Абдухаликовпен кездесу өткізді. Министр телевизиялық сериалдар, деректі фильмдер өндірісін қамтамасыз ету және продакшн-индустрияны дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚР АҚДМ баспасөз қызметі. Өз тарапынан Фирдавс Абдухаликов министрді Өзбекстандағы кинематография саласының жай-күйі, перспективаларымен таныстырды. Тараптар екі елдің телеарналарында көрсету үшін кино өнімдермен алмасу, бірлескен телевизиялық жобалар құру мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің кинематография және теледидар өнімдері саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға ниет білдірді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар