Қазақстан әнұранын менсінбеген қырғыздар көкпардан шеттетіледі
- авторjambylinfo.kz
- 14 қыркүйек, 2024
- 1.9k
Көшпенділер ойынында көкпардан финалдық бәсекеге қатысты бас төреші Тастанбек Есентаев мәлімдеме жасаған. Alash.KZ. ақпарат порталының жазуынша, бас бапкер қырғыздарға шара қолдануды ұсынып отыр.
"Көкпардағы ереже бұзылған сәтті 10 мәрте қарадық. Ойынның ішінде қамшымен ұрдық дегенді көрмедік. Бірақ бұл жайт ойыннан тыс уақытта болды. Қырғыздардың басты талабы - біздің ойыншыны қызыл қағазбен шеттету еді. Бірақ біздің ережеде ондай көрсетілмегендіктен, 2 минут алаңнан шығардық. Ары қарай бәсеке таза өтті деп ойлаймын. Екі команда да мықты. Төрешілер тарапынан ешқандай өрескел қателік болмады", дейді бас төреші.
Әнұранға құрмет көрсетпеген, мойындарына таққан медельді шешіп, мінез көрсетіп кетіп қалған қырғыздарға нақты шара қолданылатынын атап өтті.
"Барлығын халық көрді. Дұрыс шешім қабылданды. Наразылық марапаттау сәтінде де жалғасып, қырғыз көкпаршылары мерзімінен бұрын кетіп қалды. Бұл - мәдениетсіздік. Осындай жайттар үшін міндетті түрде шара қолданылады. Қырғыз көкпаршылары 2-3 жылға шеттетіледі немесе ақшалай айыппұл салынады. Нақтысын қазір айта алмаймын", – дейді Тастанбек Есентаев.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз