Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі төмендеді
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі төмендеді
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 98 млн АҚШ долларынан 91 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлайды.
Сонымен қатар ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату қыркүйекте 85,1 млн АҚШ долларына шықты. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 4,3%-ын құрады. Ұлттық банк қыркүйекте валюталық интервенциялар жүргізген жоқ, сондай-ақ БЖЗҚ зейнетақы активтері мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлар үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша операцияларды жүзеге асырмады.