Жаңалықтар

Қазақстан Парламенті Сенатының сайлауына 66 кандидат тіркелді

Қазақстан Парламенті Сенатының сайлауына 66 кандидат тіркелді

Қазақстанда Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды. Сенат депутаттарының 20 мандатына ұсынылған 130 үміткердің 66 кандидаты тіркелді, деп хабарлайды Жамбылинфо “Адырна” ұлттық порталына сілтеме  жасап.

Сенат депутатының бір мандатына үш кандидат үміткер.

66 үміткердің 63-і (95,5%) өзін-өзі ұсынған, тек үшеуін (4,5%) мәслихат ұсынды.

Тіркелген үміткерлердің ішінде  46 ер адам және 20 әйел бар. Төрт кандидат – Сенаттың қазіргі депутаттары, 15-і – мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері, 29-ы – мемлекеттік қызметкерлер, 13-і – коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, бесеуі – қоғамдық ұйымдардың өкілдері.

Үміткерлердің орташа жасы – 51,8 жас.

Жамбыл облысы мен Алматыда кандидаттар көп тіркелді, әр аймақта бес кандидаттан. Абай және Түркістан облыстарында төрт кандидат тіркелген. Қалған 15 облыста және Шымкентте үш үміткер тіркелген.

Орта есеппен бір мандатқа үш кандидат үмітті.

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен бастап сайлау алдындағы үгіт басталды, ол 2023 жылғы 13 қаңтарда сағат 00.00-де аяқталады.

Сайлау 14 қаңтарда өтеді.