Қазақстан полиэтилен пакеттен бас тартады
Қазақстандықтар ай-сайын кем дегенде 40 миллион дана полиэтилен пакетін пайдаға жаратады, деп хабарлайды "Хабар 24".
Оларды дұрыс жоймаудың салдарынан пакеттер қоршаған ортада жүздеген жылдар бойы жата береді. Кейін экологияға орасан зор кері әсерін тигізеді. Қазір бірқатар әлем елдері полиэтилен пакеттен толық бас тартқан. Ал, Қазақстан 2025 жылға қарай тыйым салатын тиісті заң қабылдайды.
Полиэтиленнен құтылу қаншалықты қиын?
Бірнеше жүздеген жылдар бойы іріп-шірімейтін, қазір жазиралы дала мен әсем мұхиттардың сорына айналған полиэтилен пакеттер экологтардың бас ауруына айналды. Оны шешудің жалғыз жолы – бұрынғыдай қағаз қапталамаларды пайдалану. Қарағандылық Ринат Қағазғалиев аталмыш қаптамалардың 10 мың данасын шығарған. Алайда, тұрғындар тарапынан да, кәсіпкерлер тарапынан да қолдау болмапты. Салдарынан кәсібі жабылып қалған. - Бізде де қағаз қалташаларды тегін тарататындай етіп жағдай жасауға болады. Ол үшін сыртындағы жарнамаларды қолдайтын кәсіпкерлер керек. Мысалы АҚШ-та бұл баяғыда-ақ бір жолға қойылған. Егер мемлекет полиэтиленді алып тастау туралы шешім жасаса, адамдардың таным-түсінігі өзгеріп, бірден үйреніп кетер еді. Бірақ біздің қоғам бұған әлі дайын емес сияқты, дейді қала тұрғыны Ринат Қағазғалиев. Полиэтилен целлофандар газ түйіршіктерінен жасалады. Осындай шикізатты кәсіпкерлер Ресей мен Өзбекстаннан әкелетін көрінеді. Мына тұрған құрылғы сол полиэтилен қалташа жасайтын, кемі 60 млн теңге тұрады. "Оны қағаздан жасайтын етіп қайтадан модернизациялауға болады, бірақ оған тағы кемі 40 млн теңге қаржы керек болуы мүмкін", - дейді кәсіпкерлер. Ренат Минхаиров – полиэтилен пленка шығаратын кәсіпорын басшысы. Ол аталған заңнама қабылданған күннің өзінде бірден нәтижелі боларына сенбейді. Керісінше, жалған сертификат алып, көлеңкелі бизнеспен айналысатындар көбейе ме деп алаңдаулы. Сондықтан бұл бағытта кешенді жұмыс жүргізу керек деген пікірде. Ренат Минхаиров, Полиэтилен пленкаларын шығаратын кәсіпорын директоры: - Бұл мәселеден шығудың жалғыз жолы – полимер материалдарды дұрыс жоюды ойлап табу керек. Әйтпесе, ертең кез келген өндіруші өзінің тауарын басқа материалдарға қаптайтын болады. Ал, ол тіпті жойылмайтын болып шығады. Салдарынан біз целлофандарды көз алдымыздан жоқ қылғанымен, қоршаған ортаға одан көп зиян әкелетін тауармен бетпе-бет келуіміз мүмкін. Сондықтан маман елде полиэтиленді дұрыс жою не болмаса биоыдырағыш пакеттердің қолданыс аясын кеңейту керек деп есептейді. Ал, белгілі экобелсенді Дмитрий Калмыков бұл заң бірқатар елде қабылданып, өз тиімділігін көрсеткеніне тоқталып отыр. Және мынадай ұсыныстары бар. Дмитрий Калмыков, Қарағанды экомузейінің директоры: - Менің ойымша, бірінші кезекте ірі сауда үйлерінде пакет, целлофан сынды қалташаларды тегін таратпау керек. Себебі тегін дүниені адамдар қашанда көптеп алып қалғысы келеді. Салдарынан ол да қоқыс көлемін ұлғайтады. Заң жобасын қабылдамас бұрын әр ұсақ детальді назарға алған жөн. Егер заң жобасы қабылданса, қазіргі 5-10 теңгелік, тіпті тегін таратылатын пакеттерді алып тастап, биоыдырағыш не қағаз қалташалар қолдануға тура келеді. "Олардың бағасы кемі 60-70 теңге шамасында тұруы мүмкін", - дейді мамандар.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Тараздағы NIS оқушылары 1000$ көлемінде грантқа ие болды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024