жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 14:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан пойыз билеттері 8 мың теңге - министр

Қазақстан пойыз билеттері 8 мың теңге - министр
ашық дереккөзі
Қазақстан пойыз билеттері 8 мың теңге - министр
Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында еліміздегі пойыз билетінің орташа бағасын айтты, деп хабарлайды Жамбылинфо  El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Республикада 66 облысаралық маршрут қатынайды. Осы бағыттарда 13 тасымалдаушы компания қызмет көрсетеді. Соның ішінде "Қазақстан темір жолы" және 12 жекеменшік компания бар. Бүгінде жолаушыларды тасымалдау саласы республикалық бюджеттен субсидияланады.Бұл шаралар халықтың барлық тобы үшін жол жүру құжаттарының қолжетімді бағасын ұстап тұруға бағытталған. Қазіргі таңда билет бағасының орташа құны 8 мың теңгені құрайды, - деді Марат Қарабаев.
Оның айтуынша, жолаушылар вагондарының жалпы саны 2 мың 567 бірлікке жеткен. Бірақ әлі де 300 вагон қажет.Осыған байланысты жаңа заманауи жолаушылар вагондарын сатып алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Осы жылы 162 бірлік жаңа вагон сатып алынды. Оның ішінде 76 вагон пайдалануға берілді, 24 вагон жыл соңына дейін беріледі.Ал келесі жылдың бірінші жартыжылдығында қалған 62 вагон жеткізіледі. Оның басым бөлігін Петропавл қаласындағы вагон шығару зауыты өндіреді, -деді министр.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар