Жаңалықтар
Қазақстан Президенті Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады
- авторjambylinfo.kz
- 19 тамыз, 2024
- 1587

Мемлекет басшысының жұмыс сапары 22-23 тамыз күндеріне жоспарланған
22-23 тамыз күндері Қазақстан Президенті Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Ақорда хабарлады деп жазады Jambylinfo.kz.
Сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Эмомали Рахмон Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылайды.
Сондай-ақ екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз